- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да "Қазавиақұтқару" тікұшағы...
БҚО-да "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонды
Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә, мұндай жағдай бүгін болды. Бұл құтқару рейсі емес еді. Батыс Қазақстан облысында магистральдық мұнай құбырын тексеру кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы қатты екпінмен қонды", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Себептерін сол жерге барған мамандар анықтайды.
"Әрине, біз мұндай жағдайларға жіті назар аударамыз. Тікұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет бойынша тексеруден 2023 жылғы қаңтарда өткен. Экипажбен телефон арқылы сөйлестік, борттағылардың бәрі аман", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.
Ал Азаматтық авиация комитеті оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады. Комитеттің таратқан хабарында оқиға 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта болғаны айтылған.
"ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан "Қазавиақұтқару"АҚ 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарақат алғандар бар. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізеді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан