"Сабаққа бару міндетті емес". Италияда білім алып жүрген қазақ қызымен сұхбат

"Сабаққа бару міндетті емес". Италияда білім алып жүрген қазақ қызымен сұхбат
Фото: Томиристің жеке архивінен

Томирис Мұғазам - Италиядағы Сапиенца университетінің 2-курс магистранты. Ол 2 жыл бұрын Еуропаның Апеннин түбегіндегі еліне оқуға түскен. Оған қоса, қазақстандық ару бұл елдің мемлекеттік шәкіртақысын жеңіп алған. Massaget.kz тілшісі өзге елде білім алып жүрген қазақстандық студентпен сұхбаттасты.

Томирис Ақмола облысы Қараөткел ауылындағы №2 мектепте оқыған. Мектептен кейін 2017 жылы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, аударма ісі мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған. Қазір ол Италияда магистратурада оқып жатыр. Оның айтуынша, қазіргі оқу орнының профессорлары былтыр физика жағынан Нобель сыйлығының иегерлері атанған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tomiris Qairatqyzy (@hey_tomi)

Томирис оқудан бөлек ағылшын тілінен сабақ береді. Ол италиялық және қазақстандық білім жүйесіндегі айырмашылықты айтты. 

"Италияда оқу қиын емес. Ең алғашқы ерекшелік - сабаққа бару, конспект жазу міндетті емес, бірақ ешкім сабақтан қалмайды, профессордың бір сөзін қалдырмай жазып алады. Италиялық студенттердің сабаққа деген көзқарасы ерекше. Бір қызығы, мен - тобымдағы ең жас студентпін, көбі 28-30-да. Оқуды асықпай, ынтамен таңдап түскендері сезіледі. Профессорлар - өз істерінің мамандары. Оқытушы мен білім алушы арасында тосқауыл жоқ. Кез келген сұрағыңа жауап беруге дайын. Әрине, жалақысы жақсы, оның үстіне, мұғалім деген атағы ерекше ықыласқа ие болғаннан шығар. Емтиханды өзің қалаған балл алғанша тапсыра беруге болады. Биыл емтихан көп болып кетсе, келесі жылға не семестрге қалдырсаң болады", - дейді Томирис.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tomiris Qairatqyzy (@hey_tomi)

Магистранттың айтуынша, Италияның да кемшіліктері бар. Мәселен, Қазақстанда құжат, баға қою деген процестер тез әрі оңай болса, онда бюрократия жайқалып тұр.

"Көбі шетелде өмір керемет, барлығы біздің елден күшті деп ойлайды. Бірақ Қазақстан мен Италияны салыстырсақ, біздің ел әлдеқайда алға дамып кеткен. Мәселен, Kaspi қосымшасы. Италияда банк картасын ашу үшін алдымен банкке барып құжат тапсырасың. 1 аптадан кейін пәтеріңе хат келеді. Картаңды бір тексересің. Кейін тағы 1 аптадан кейін картаның құпиясөзін жібереді. Ал бізде банк жүйесі де, автобус та тез", - дейді ол. 

 Томирис Еуропада неге өмір сүре алмайтынын түсіндірді. Ол міндетті түрде еліме қайтамын дейді. 

"Шетел-шетел деп бәрін кереметсінген дұрыс емес. Қазақстан жетіліп келе жатыр, жетілуіне ат салысу керек. Мен Италияда өмір сүре алмаймын. Мұнда ұлтшылдық бар. Қанша жерден тілін, дәстүрін жетік білсем де италиялық болмаймын. Мен өзімнің еліме көмектескім келеді. Өзге елдің экономикасын арттырғанша, өз еліме септігін тигізбеймін бе?" - дейді ол. 

@tumarym_de #greenscreen парт 2 керек пе? ? #шетел #саяхаттау #қазақшаконтент #европа #сша ♬ original sound - тұмарым 

"Білім күн секілді бәріне шуағын шашып тұруы керек, қолжетімді болуы керек"

"Білім деген күн секілді бәріне шуағын шашып тұруы керек, қолжетімді болуы керек" деген сөзді шын жүрегіммен сеземін. Мен ауылды туып-өстім, ауылдың мектебінде білім алдым. Ауылдағы жағдайдың қандай екенін жақсы білемін. Қазақстандағы мектептердің 75 пайызы ауылда деседі. Ауылдың көркеюіне, білімнің жақсаруына ат салысқым келеді. Ауылда мұғалім болып, Еуропа, АҚШ туралы оқытқанда, мен мұнда болғам, анда болғам деп отыратын мұғалім болғым келеді. Үлгі болғым келеді. Қайда тусаң да, қандай жағдайда тусаң да, ой жеткен жерге қолдың да жететінін көбірек көрсеткім келеді. ТikTok желісін де сол мақсатта қолданамын", - дейді Томирис.

Томирис білім саласын дамытуға көп жоспар құрғанын айтты. 

Қазір bilim.core деген жоба жасап жатырмыз. Ауылдың балаларына арнап, шетелдіктерді, шетелде оқитын студенттерін бір апта ауылға апарып, ауыл балаларына ағылшын тілін үйрететін summercamp жасағымыз келеді. Одан бөлек, біздің білімқор - әлеуметтік желілерде оқушы-студенттерге арналған әлем тілдері, география, дүние жүзі тарихы сияқты тақырыптарда мақала жазатын болады", - дейді қазақстандық ару.

Оның айтуынша, 2 жыл ішінде таныстарының арасында Еуропада қаламын дегендер аз. 

"Бір қызығы, басқа ұлт өкілдеріне қарағанда, шетелде жүрген қазақтың бәрі "үйге ораламын, өзіміздің ел жақсы" деген ойсанамен өмір сүреді. "Тіл үйреніп алдым, осында қаламын" дейтін қазақты 2 жылда көрмеппін. Бәрінің бүйірі елге тартып тұрады. Шетелге шығу керек, көру керек, тарихты оқу керек, бірақ бізде жаман, басқаның бәрі керемет деген өте қате тұжырымдамамен өмір сүруге болмайды", - дейді Томирис.

@tumarym_de much love ?? #шетелдеоқу #италиядаоқу #образованиевевропе #саяхаттау #қазақшаконтент ♬ original sound - тұмарым

Сондай-ақ, ол Италияда қазір бір айға кететін шығыны туралы айтты.

Томиристің айтуынша, алғашында 1 миллионға шуық шығын кеткен. Одан басқа, Еуропаға оқуға түспей тұрып, құжат аударуға, апостиль, нотариуске 300 мыңға жуық ақша құртқан. 

"Жалпы стипендия тек ақпанда 1300 еуро (649 мың теңге), сосын 2-курстың басында бірден 3900 еуро (1 миллион 947 мың теңге) болып түсетінін үнемі айтып жүремін, себебі адамдар жалпы 1 миллион теңге шығын кетіріп, оқуға түскенде оларды әрі қарай не күтіп тұрғанын біле бермейді", - дейді Томирис. 

@tumarym_de #переписка #шетелдеоқу #образованиезарубежом ♬ original sound - Chips

Томиристің бастапқыда Италиядағы шығыны: 

  • Пәтер - екі адамдық бөлме айына 275 еуро , коммуналдық қызмет - 50 еуро, қоса есептегенде 325 еуро (162 мың теңге).

"Мен визамды күтіп қалдым, бірақ пәтерді ерте тауып қойдым. Орныма басқа адам алып қоймасын деп тағы 1 ай пәтер бағасын төледім. 8 қарашадан бастап төлей бастадым, бірақ Италияға 8 желтоқсан бір жеттім. Сонда пәтер үшін 325 мың төледім", - дейді ол.

@tumarym_de #румтур #шетелдеоқу #саяхаттау #италиядаоқу ♬ original sound - тұмарым
  • Пәтер депозиті - 137 мың теңге;
  • Пәтер табуға көмектесетін риелтор қызметі - 100 еуро, 49 мың теңге;
  • Азық-түлік - шамамен айына 80 еуро, 40 мың теңге;
  • Италияда тұру ықтиярхаты - 110 еуро,  55 мың теңге;
  • Транспорт - айына шамамен 30 мың теңге;
  • Стипендия алғаның үшін салық - 186 еуро, 93 мың теңге;
  • Тариф - 10 еуро, 5 мың теңге; 
  • Билет - Қазақстаннан Италияға жету үшін - 200 мың теңге. 

Томириске Италияға жетіп, сол елде бір ай тұру үшін алғашында 935 мың теңге кеткен. Оның айтуынша, қазір шығын 3 есе аз. 

"Бір адамдық бөлме - 250 мың теңге, екі адамдық бөлме 150 мың теңгеге шығады. Азық-түлікке 60 мың теңге, автобус немесе метроға бір билет 750 тг, бір айлық тариф 5000 теңге. Сонда қазір айына 250-300 мың теңге кетеді", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек