Шымкенттегі атыс: күдіктіні ұстаған полицейге сыйақы берілді

Шымкенттегі атыс: күдіктіні ұстаған полицейге сыйақы берілді
Фото: facebook.com/serik.abasshakh

Шымкентте атыс шығарған күдіктіні дереу әрекет етіп ұстаған полицей Арман Әріпжанов ерлігі үшін жалақысының екі еселенген көлемі сыйақы ретінде берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын жерде жұмыста болған. Полиция капитаны көшеде атыс дауысын естіп, күдіктінің назарын аударып, оны ұстап алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қаруланған күдікті Арманды атып жібермек болған.   

"Ол уақытта әріптесіммен жұмыста бейнебақылау камерасын қарап, ұрлау деректерін зерттеп жатқанбыз. Атысты естіп, бірден көшеге шықтым, студенттер көп жүрді, оларға қашу керегін айттым. Артынша, күдіктінің артынан жүріп, сол сәтті пайдаланып, патруль көлігінің қасында ұстап алдым. Сол кезде ол мені атып жібермек болды. Қорыққан жоқпын, өз жұмысымды істедім ғой. Бастысы, күдіктінің қаруын тартып алу керек болды", - дейді Арман Әріпжанов.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина