"200-300 мың теңгелік құлпытастарға сұраныс көп": Бейіт салу бизнеске айналды

"200-300 мың теңгелік құлпытастарға сұраныс көп": Бейіт салу бизнеске айналды

Жасыратыны жоқ, қазір жарысып күмбезді кесене салу сәнге айналды. Тіпті бейіт басын қарайтуды бизнеске айналдырғандар да бар. Құлпытас жасайтындар әлеуметтік желі арқылы жарнама беруді де оғаш санамайтын болды. Massaget.kz тілшісі сондай жарнамасы бар жамбылдық кәсіпкердің бірі Динара Үсенбаевамен сұхбаттасты.

"Тапсырыс берушілер күн құрғатпайды. Жамбыл облысынан басқа өзге өңірлерден де тапсырыс беретіндер бар. Құлпытастардың ең арзаны 90 мың теңгеден басталады. Биіктігіне қарай, бағасы да өсе түседі. Негізі 1 метрден бастап, сұранысына қарай жасап береміз", - дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, 200-300 мың теңгелік құлпытастарға сұраныс көп екен. Ал қоршауларының ең төменгі бағасы 50 мың теңге.

Кәсіптің осындай түрімен айналысып жүргендердің сөзіне сүйенсек, кесене тұрғызу керек болса, оның кірпіші тапсырыс берушілердің тарапынан болса, бағасы келісіледі екен. Бұл ретте құрылыс жүргізетін адамдардың еңбегінің ақысы есептелетін көрінеді.

"Кірпіші болмаса, өзіміз тауып береміз. Бірақ ол кезде баға да басқа. Құлпытастарды бір апта көлемінде дайындап береміз", - дейді жеке кәсіпкер.

А.Сырымбет

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы