Instagram-да ел күтпеген ерекше функция пайда болды

Instagram-да ел күтпеген ерекше функция пайда болды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Instagram әлеуметтік желісінде ерекше функция пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі techcrunch.com сайтына сілтеме жасап. 

Яғни енді Instagram әлеуметтік желісінде Telegram-дағыдай арналар пайда болды. Онда хат, сурет, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндігі болады.  

"Арналар" пайда болғаны туралы Meta компаниясыны4 басшысы Марк Цукерберг хабарлаған. Әлеуметтік желіде ашылған алғашқы арнаның бірі компания басшысының арнасы болған.  

Әзірге "Арналар" кейбір қолданушыларда ғана (негізінен АҚШ тұрғындарында) қолжетімді. Алдағы уақытта бұл режим барлық қолданушыда пайда бола бастайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина