Неліктен жұмыстан кейін сериал көру пайдалы: ғалымдар зерттеу жүргізді

Неліктен жұмыстан кейін сериал көру пайдалы: ғалымдар зерттеу жүргізді
Фото: nalogiexpert

Миллиондаған адам кешке жұмыстан келіп, фильмдер немесе сериалдар көру үшін теледидар қосады. Ғалымдардың пікірінше, бұл әдет дұрыс екен. Себебі кино көру миымызға күшті әсер етеді.

Оксфорд (Ұлыбритания), Орхус (Дания), Буэнос-Айрес (Аргентина) университеттерінің зерттеушілері адам ойдан шығарылған кино әлеміне енген кезде мидың ішінде не болатынын анықтауға шешім қабылдаған. Зерттеу Science Advances журналында жарияланды.

Экспериментке 176 адам қатысты. Бірнеше адам әртүрлі жанрдағы фильмдерді көрген. Оның ішінде комедия, мелодрама, экшн-фильм, фэнтези болған. Ал ғалымдар осы уақыт ішінде арнайы құрылғылардың көмегімен қатысушылар миын бақылап отырған. Адам кино әлеміне енген кезде миы басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда аз есептеу жасайтыны белгілі болды.

Және одан да таңғалдыратыны: тіпті демалу мен ештеңе жасамау  әлі де үлкен ақыл-ойды қажет етеді екен.

Экрандағы сюжетті көргенде, ми стрестен және әртүрлі тәжірибелерден арылады. Ол бұрыннан болған нәрсені әдеттегідей талдаудың орнына, жаңа ақпаратты қабылдаумен айналысады және процестен алшақтатпайды. Ғалымдар фильмдерді көру ағзаны ынталандырып, тіпті тыныштандыратынын анықтады.

Журналда жарияланған мақала авторларының бірі, профессор Густаво Деко мида істердің иерархиясына жауап беретін арнайы механизмдер бар екені белгілі болғанын айтады.

"Негізгі ойлау мүшесін өз бетінше ынталандыра алатынымыз белгілі болды. Бұл адамға стресті жеңуге, түрлі жаман ойдан арылып, депрессиядан тезірек шығуға көмектеседі. Біз фильмдер ересектерге де, балаларға да әсер етеді деп есептейміз", - дейді ғалым.

Фильмнің жанры да маңызды. Сарапшылардың айтуынша, үрейге бейім адамдар созылмалы ауырсынуды әлдеқайда жақсы жеңеді және жалпы денедегі әртүрлі жағымсыз сезімдерге төзе алады.

Т. Раушанұлы