Түркияда жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң екі ер адам құтқарылды

Түркияда жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң екі ер адам құтқарылды
Фото: aa.com.tr

26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авджи жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң Антакияның Одабаши ауданында қирандылар астынан құтқарылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Антакиядағы Одабаши көшесіндегі үйінділерді тазалаған құтқару тобы қираған үйдің қабырғалары арасында қалып кеткен екі азаматқа жетіп, оларды алып шықты. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның Кахраманмарашында жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң, яғни 10 күннен астам уақыттан кейін үйінді астынан 17 жастағы Алейна Олмез құтқарылған болатын.

Т. Раушанұлы