- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәрі қағаз жүзінде...
"Бәрі қағаз жүзінде ғана": Ақмола облысында миллиардқа жуық теңге бөлінген жол жөнделмеген
Ақмола облысында тоз-тозы шыққан жолдардың құрылысы мен күрделі жөндеуіне бөлінген миллиардтар желге ұшқан. Жолдар тек қағаз жүзінде "жөнделген" болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Целиноград ауданы Қоянды ауылына бюджеттен 907 миллион теңге бөлінген.
"Бюджет қаражатын заңсыз алған топ тек сол бір мердігер компанияларды, қылмыстық схеманы қолданып отырған болып шықты. Мәселен, Қоянды кентінде жергілікті жолдарды күрделі жөндеуге бөлінген 907 миллион теңге сомасына бөлінген жөндеу жұмыстары мүлде орындалмаған болып шықты. Қазір келісімшарт бұзылып, аймақтағы прокурорлармен соталды тергеу амалдары басталды. Оның шеңберінде қылмыстық құқықбұзушылықтың қалай жүзеге асырылғаны анықталмақ", - дейді Бас прокуратура өкілі.
Елорда іргесіндегі Қояндының жолына бөлінген қомақты қаражат бойынша аудан әкімдігі өкілдері де пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, мердігер компания үстінен сотқа талап арыз беріліп, оң шешім шыққан.
"Қоянды ауылында жолды күрделі жөндеу мақсатында "Целиноград ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ "ҚазГерСтрой" бірлескен кәсіпорны" ЖШС-мен жасалған келісімшарт міндет орындалмауына байланысты жойылды. Ақмола облысы мемлекеттік ішкі аудит департаметі аудиторлық шара өткізіп, оның қорытындысына сәйкес айтылған жобалар бойынша 900 миллион теңгеден аса сомаға жұмыстарды орындалмағаны анықталды. "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ өкілетті органға келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны үшін жөнсіз жеткізуші тізіліміне енгізуге және 941 миллион теңге мөлшерінде орындалмаған жұмыс қаражатын қайтаруға талап-арыз берді. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық соты мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алудың жөнсіз қатысушысы деп тану және осы соманы өндіру туралы шешім шығарды", - деді Целиноград ауданының әкімдігі өкілі.
Ақмола облыстық прокуратурасы өкілдері әзірше тек сот істері болып жатқандықтан, басқа ақпарат заңға сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова