СҚО әкімі күніне 90 мың табуға болатын жұмыс туралы айтты

СҚО әкімі күніне 90 мың табуға болатын жұмыс туралы айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров аппараттық отырыста халықтың жалақысын көтеру мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап. 

Аппарат отырысы кезінде облыс әкімі күніне 90 мың теңгені қалай табуға болатынын айтты. 

"Құрылыста тас қалаушылар аз. Бұл мамандықты екі айда үйреніп алуға болады. Бір кірпіштік шаршы метрін қалауға 18 мың теңге беріледі. Бір адам 5 шаршы метр тас қалап, күніне 90 мың теңгедей таба алады. Бірақ адам жетіспейді", - дейді Айдарбек Сапаров. 

Облыс әкімі биыл аймақта 24 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отырғанын атап өткен. Қосымша 10 мың жұмыс орны құрылмақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина