Орал әуежайын ресейлік компания сатып алды: істің мән-жайы белгілі болды

Орал әуежайын ресейлік компания сатып алды: істің мән-жайы белгілі болды
Фото: gov.kz

Орал әуежайын сенімгерлік басқаруға берудің мән-жайы белгілі болды. Стратегиялық нысан әлі мемлекет меншігінде, бірақ оны үш жыл ішінде инвесторлар басқарады, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы. 

Жақында Орал әуежайының жаңа мамандандырылған инвесторы пайда болғаны белгілі болды. Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы компаниясын екі қазақстандық және бір ресейлік компаниядан тұратын консорциум сатып алды. Ресейлік компания - қазақстандық инвесторларға бақылауды сақтай отырып, әуе айлақтарын кәсіби басқаруға маманданған "Өңірлік әуежайларды" басқару компаниясы.

Aqjaiyq ӘКК АҚ басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаев брифинг барысында Aqjaiyq ӘКК АҚ мен "Орал халықаралық әуежай" ЖШС арасында 2018 жылғы наурызда бірлескен қызмет туралы келісім (консорциумдық келісім) жасалғанын айтты. Оның аясында "Орал халықаралық әуежай" ЖШС әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасы бар жолаушылар терминалын Aqjaiyq ӘКК АҚ меншігіне берді, ал корпорация өз кезегінде қаржы тартып, терминалды қайта жөндеуден өткізді. Одан әрі терминал "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді.

"Aqjaiyq ӘКК АҚ терминал ғимаратын қайта жөндеуден өткеннен кейін қайта қалпына келтірілген нысанды үш жыл мерзімге "Орал халықаралық әуежай" ЖШС сенімгерлік басқаруға берілді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, кейінгі жылдары "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС әуежайды басқаруға маманданған серіктестерді белсенді түрде іздеп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде әуежайларды дамытуда тәжірибесі бар Oral Airport Holding ЖШС басқарушы компаниясы тұлғасында инвесторлар тартылды. Компанияның негізгі қатысу үлесі қазақстандық тарапқа тиесілі", - деді Нұржан Өтепбаев.

Ең қызығы, мемлекет әлеуетті инвесторды таңдауға да, бұрынғы және қазіргі инвесторлар арасындағы қатысу үлесін беру процесіне де қатыспады, ал жаңа менеджер әуежайды дамыту жоспарын 2-3 апта ішінде беруге уәде берді.

Айдар Менеев инвесторлар үш жыл ішінде өз міндеттемелерін орындай алмаса, әуежайды мемлекет бақылауына қайтару немесе жаңа инвестор табу мәселесі қаралатынын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек