Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушының маскасы мен балтаның суреті тарады

Петропавл мектебінде шабуыл жасаған бала таққан маска мен балтаның суреті жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет Qumash Telegram-арнасында пайда болды. 

"Біздегі ақпарат бойынша (расталмаған) шабуыл жасаған оқушыны басқа оқушы қолын қайырып, тоқтатқан. Зардап шеккендер (екі бала мен бір қыз) ауруханада", - делінген жазбада. 

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!