Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан құлаған тұрғын үйдің сәулетшісі әуежайда ұсталды

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан құлаған тұрғын үйдің сәулетшісі әуежайда ұсталды

Ыстамбұл әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Onedio басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллион лирадан 3 миллион лираға дейін (35,9 - 71,8 миллион теңге) сатылған. Бірақ, шаршы метрлердің қымбаттығы олардың сапасына кепілдік бермеген.

Үйді екі ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчин Джошкун екені белгілі және олар жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.

10 ақпанда Махмет Яшар Ыстамбұл әуежайында ұсталды. Ол шетелге ұшуды көздеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова