- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Әділгерей мен...
Қайрат Әділгерей мен Дариға Бадықова Таиландта не істеп жүр?
Instagram әлеуметтік желісінен шоу бизнес өкілдерінің шетелде жүргенін жиі байқаймыз. Сондықтан әлеуметтік желіде оқырмандар арасында әртүрлі қауесет тарап жатады. Жақында Қайрат Әділгерей, Дариға Бадықова, Шерхан Пірназар, Олжас Абай секілді өнер иелері де Желідегі парақшаларында шетелде жүргенін жариялады. Massaget.kz тілшісі Шерхан Пірназарға хабарласып, олардың неліктен шетелден жүргенін сұрады.
Олар қазір Тайландта жүр екен.
"Біз қазір Таиландтың Пхукет қаласы Ко Нгай аралында "Хотя бы в кино" фильмінің жалғасын түсіріп жатырмыз. Түсірілім 24 күнге жоспарланып отыр. Бұл жерге 24 қаңтарда келдік. Елге 15 ақпанда қайтамыз. Фильм желісін толықтай айта алмаймын, бірақ шытырман оқиғаға толы болмақ. Бұл жолғы сюжет басқаша өрбиді. Енді кино прокатқа шыққан кезде өздеріңіз көріп, бағасын бересіздер", - деп қысқа қайырды актер Шерхан Пірназар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның сөзінше, басты рольдерді Қайрат Әділгерей, Дариға Бадықова, Олжас Абай, Қарлығаш Мұхамедиярова, Шерхан Пірназар сомдайды. Фильм режиссері - Ернар Нұрғалиев, ал бас продюсері - Қайрат Әділгерей.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, "Хотя бы в кино" фильмінің алғашқы бөлімі 2022 жылғы 8 наурызда қалың көпшілікке ұсынылған еді. Кино мемлекеттік қызметкер Қайрат есімді кейіпкердің төңірегінде шытырман оқиғаға толы өрбиді. Ал дәл осы толықметрлі фильмнің 2-бөлімі 2023 жылғы 27 сәуірде Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы