Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды
Фото: otyrar.kz

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Amanat партиясының баспасөз қызметі растады. 

Сергей Александрович Терещенко - қазақстандық, кеңестік мемлекет және саяси қайраткер, кәсіпкер, экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР үкіметінің 14-басшысы (1991) және Қазақстан Республикасының бірінші премьер-министрі (1991-1994).

Айта кетейік, ол Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты -  украиналық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова