"Киім-кешек, кереует, төсек-орын". Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға көмек жібереді

"Киім-кешек, кереует, төсек-орын". Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға көмек жібереді
Фото: Reuters

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бейсенбі, 9 ақпанда, Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

@massaget.kz #Сирия#Түркия#турция#рек#хочучрек#жерсілкінісі#землятресение#жаңалық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина