CІМ Түркияда өлі табылған Әділ Қадырбеков туралы айтты

CІМ Түркияда өлі табылған Әділ Қадырбеков туралы айтты

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы үйінді астынан өлі табылған Қазақстан азаматы туралы айтты. Ведомство қазақстандықтың мәйітін елге жеткізуге көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін, 9 ақпанда таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ҚР азаматы Әділ Қадырбековтің мәйіті табылды. СІМ қаза тапқан кісінің денесін елге жеткізуге барынша көмектеседі", - деді Айбек Смадияров.

Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, елімізден барған құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Қазақстанның тағы бір азаматы Мирболат Құрмашевті іздеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова табылды. Оның аман-есен екені, тек қолы сынғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан