- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қандай үйлер...
Алматыда қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алады? Сәулетші жауабы
Сәулетші, КСРО және Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Павел Савранчук Алматыда қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәулетшінің айтуынша, Түркияда болған жер сілкініс азаматтардың еліміздегі жағдайға алаңдаушылығын арттырып отыр.
"Біріншіден, зардап шеккендерге көңіл айту керек. Алматы ғимараттарының сейсмикалық төзімділігі туралы айтатын болсақ, бұл мәселеге Алматыда үнемі көңіл бөлінетінін айту керек. Қала тарихында көп тәжірибе бар. Ғимараттардың сейсмикалық сенімділігі стандарттар мен құрылыс материалдарының сапасын қатайту процесінде үнемі жақсарып отырды. Ғимараттардың түрлі типі түрлі дәрежеде болады", - дейді Савранчук.
Сәулетші қаладағы жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды атады.
"Жақында айтылған 60-70 жылдардағы 4, 5 қабатты панельдік толық құрастырмалы тұрғын үйлер дизайн ерекшеліктеріне байланысты жер сілкінісіне ең төзімді. Олар құрылыстың келесі буынындағы ғимараттарға қарағанда (1970-2000 жылдары салынған үйлер) тұрақты, олардың конструкциялары біртұтас индустриялық технологияны қолдана отырып, сапаны жақсы бақылай отырып салынған", - деп санайды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек