"Далада отыр". Қазақстандық журналист Түркияда 100 киіз үй орнатуды ұсынды

"Далада отыр". Қазақстандық журналист Түркияда 100 киіз үй орнатуды ұсынды
Фото: Reuters

Танымал журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 100 киіз үй жіберуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Facebook-парақшасында айтты. 

"Түркияға 100 шақты киіз үй жіберсек? Зілзаладан үйлері қирап қалған халық ашық далада отыр. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй - шошынып отырған бұқараға психикалық қатерсіздік көңіл күй сыйлар еді", - дейді журналист. 

Журналистің ұсынысын танымал қазақстандықтар да қолдаған. Оның ішінде әнші Сәкен Майғазиев та қолдау білдірді. 

"Нұрбек Бекбау бауырымыз, Арман Шора тағы басқа атқамінерлермен ақылдасып игі шара қолға алынды. Түркиядағы алапат жер сілкіністен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиеттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылытуға, үйге кіруден қорқып отыр. Осы сәтте, Қазақ жұрты боп, жүздеген киіз үй жіберсек. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй - зілзаладан жүрегі шайлығып қалған бұқара психикасына қауіпсіздік көңіл күй береді. Ең бастысы, Ата жұрттан келген көмекті сезінер еді. Алыста болсақ та, туысқан жұртты жалғыз қалдырмайтынымызды сезінер еді", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Осылайша, танымал қазақстандықтар "Түркияға 100 киіз үй" науқанын бастады. Көмек қолын созамын деушілерге реквизиттер:

Карта нөмірі: 4400430196216649
kaspi банк нөмірі: +7 702 160 54 57

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина