Димаш Құдайберген концертінен түскен қаржының бір бөлігін Түркия мен Сирияға бөледі

Димаш Құдайберген концертінен түскен қаржының бір бөлігін Түркия мен Сирияға бөледі

Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында Түркия мен Сириядағы жағдайға байланысты концертінен түскен қаржының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түркияда, Сирияда және басқа да көптеген елде мыңнан аса адамның өмірін қиған қайғылы оқиға туралы күйзеліспен қабылдадым… Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін, күш-қуат тілеймін. Сондай-ақ, Stranger әлемдік туры аясында концерттерімнің билет сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмекке берілетінін хабарлағым келді. Толық ақпаратты кейінірек командам Dimashqnews-те айтады. Сақ болыңыздар және өздеріңізге қараңыздар!", - деп жазды ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында таңғы сағат 4:17-де 7,7 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. Кейінгі мәліметтер бойынша екі елде қаза тапқандар саны - 4365 адам.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова