- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баланы терезеден лақтырып...
Баланы терезеден лақтырып жіберіп, қайын енесін пышақтап тастаған: Астанада жантүршігерлік оқиға болды
Елордадағы "Хабар" тұрғын үй кешенінде қала тұрғыны төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберіп, қайын енесін пышақтап тастаған. Содан кейін ол 7-қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Көршілерінің айтуынша, ер адам құмар ойындарына әуес болған және миллиондаған қарызы болған. Куәгерлердің пікірінше, отбасылық жанжалдың арты трагедияға айналып отыр. Оның әйелі де зардап шекті. Алайда әйел аман қалды. Ол төмендегі пәтерден көмек сұраған. Бірақ тым кеш болған.
Ал кішкентай баланың денесін бірінші болып бірінші қабаттағы көршісі балконының астынан көрген. Көршісінің сөзінше, әйел қансыраған күйде көмек сұраған.
"Таңғы сағат 5-те есік қағылды. Аштым - қан жоса болған қыз тұр. "Күйеуім есінен адасты, ол құмар ойындарын ойнайды, мені соққыға жықты. Темірмен ұрды, қолына түскеннің бәрімен. Пышақтағысы келді, айналып кетіп, сізге жүгірдім..." деді. Мен киініп, жүгіріп шықтым... Балконымның астында кішкентай бала жатты", - дейді көршісі.
Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"5 ақпанда 102-арнаға жанжал болып жатқаны туралы шақыру түсті. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіледі, сараптама тағайындалады", - деді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, көршілерінің сөзінше, бұл отбасы сырттай сабырлы және тату көрінген. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова