- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Үкіметке Түркиядағы...
Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", - делінген хабарламада.
Түркиядағы зілзаланың салдары қандай болды?
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жойқын зілзала болғаны хабарланған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина