- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде мектеп директоры...
Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған
Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған. Оқиға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 2022 жылғы қазан айында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Қылмыстық іс материалдарындағы мәлімет бойынша, ер кісі сол күні Мұғалімдер күнін тойлап, үйге мас болып келген. Әйелі төсекті балалар бөлмесіне салғаны үшін ұрыс шығарып, жүкті келіншегіне екі жерден, ал қызына құлақ шекесіне пышақ жарақатын салған.
"Сендерді өлтіремін", "Екеуіңнің басыңды шауып, әкелеріңнің алдына апарып беремін", "Денелеріңді өздері алып кетіп жерлеуі керек", "Керек болса, іштегі баланы кесіп алып, кіндігімен қоса қолына ұстатамын" деген ауыр сөздер айтқан. Сол қолында ұстаған пышағын Нағашыбайға қарай бағыттап сермеп, оң жақ кеуде тұсын кесіп, сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежелі зиян жүзі өткір кесетін заттың яғни пышақтың әсерінен болуы мүмкін дене жарақатын салған", - деді Ақтөбе облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Арман Қоңырбаев.
Күдікті артынша есін жинап, өзінің анасына және інісіне хабарласып, болған жайды айтқан. Мектеп директоры дереу қамауға алынды. Оған екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр, бірақ күдіктінің қорғаушылары бұл ауыр жаза деп есептейді. Олар бұл істі ҚР Қылмыстық кодекстің 115-бабы (Қорқыту) бойынша саралауды сұраған.
Сот қорғаушының өтінішін қаңағаттандырмады. Жәбірленушінің өзі сотқа қатыспаған. Өйткені жуырда босанғалы отыр екен. Соттың келесі отырысы 9 ақпанда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан