Диетолог ең қауіпті шұжық түрін атады

Зияны аз шұжық пісірілген түрі болып шықты. Себебі ол қуыру және сүрлену процестерінен өтпейді. Дегенмен шұжықтың бұл түрі онкологиялық ауруларды өршітіп жіберуі мүмкін. Бұл туралы диетолог дәрігер Галина Мезенцева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Сарапшының сөзінше, шұжық таңдауда тек оның дәміне емес, денсаулыққа қаншалық пайдалы не зиян екеніне мән беру керек. Себебі әсіресе сүрленген шұжықтың құрамында тұз және жануар майы көп болады. 

"Бұл нәрсеге ең алдымен жүрек және қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертониямен, жоғары холестеринмен, артық салмақпен және подаграмен ауыратындар мән беруі керек", - дейді диетолог. 

Мезенцева қайта өңделген қызыл еттен жасалған шұжық, оның ішінде, сосиска, ветчина, шұжық, кептірілген ет, консервіленген ет және өңделген тағамдар бірінші топтағы канцероген. Яғни олар қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!