- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, республиканың солтүстік жартысына жоғары атмосфералық қысым әсер етеді. Сондықтан аяз сақталып, жауын-шашын жаумайды.
"Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады, ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. 2 ақпанда жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады және ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылынады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова