- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ойларына келгенін істеп...
"Ойларына келгенін істеп отыр" - Серікзат Дүйсенғазы ұлы қаза болған демалыс орны туралы
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлы қаза болған демалыс орны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақынның сөзінше, оқиға Көкшетаудағы демалыс орындарының бірінде болған.
"2 қаңтар күні ашық тұрған талға соғылып, біздің баламыз қайтыс болды. 7 қаңтар күні мына суретте тұрған металл бағанға соғылып, di.nqz деген қарындасымыз омыртқасын сындырған. Қазір орнынан тұра алмай жатыр. Дәл сол күні тағы бір әйел адам бүйрегін жаралады деген ақпар бар. Біз білмейтін тағы да сондай оқиғалар болуы мүмкін", - дейді ақын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның сөзінше, демалыс орнында жағдай жасалмаған.
"Бұл демалыс орнында не дәрігер, не нұсқаушы жоқ. Не жарақаттанған адамды ауруханаға апаратын арнайы техникалары жоқ. Не өздерінде адамшылық, ар-иман, ұят деген жоқ. Баламыз өліп жатса келіп көңіл де айтпайды. Құлаған баланы бізге іздетіп қойып, бір жарым сағат тауға тығып тастағандары өз алдына. Біз кетерде "өлсеңдер өздеріңнің проблемаларың" дегендей бөлмелерінен шыққан да жоқ. Сондай имансыздық жайлаған жерге адамдар білмей барып жатыр. Олардан қорғайтын мемлекеттік орган біздің елде жоқ екен. Өйткені, кәсіпкерлерді тексеруге рұқсат жоқ. Сондықтан олар ойына келгенін істеп отыр. Бірнеше оқыс оқиғадан кейін жарты ай өтсе де ашық тұрған талдар мен металл бағандарды қоршау жұмысын жүргізетін ниеттері байқалмайды. Әлі күнге дейін бәрі сол қалпында тұр", - дейді Серікзат Дүйсенғазы.
Еске салайық, 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған.
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы туралы жантебірентерлік жазба жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина