- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баланың бетін тіліп...
Баланың бетін тіліп емдеген: Нұрлан имам хиджамаға қатысты пікір білдірді
Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов сәбиге хиджама жасалып жатқан даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-парақшасында бөлісті. Имамның айтуынша, жаңа туған нәрестеге хиджама жасау - қателік.
"Кейінгі кезде дәстүрлі емес медицина арасында хиджаманың дамып жатқанын белгілі. Мұны пайғамбардың хадисіне апарып, пайғамбарымыз сол арқылы барлық өлімнен емдеген деп кішкентай, жаңа туған балаға иммунитетін көтеру мақсатында хиджама жасау - қателік. Жалпы хиджама адамды емдеп, өлімнен тұрғызып жіберетін қасиетке ие емес екені қазір ғылыми дәлелденген. Егер ол шын болса, дәстүрлі медицина оны баяғыдан қолданар еді. Енді қазір ХХІ ғасырда кішкентай балаға хиджама жасау, қытай ұстарасымен тіл астын ою, қылғындырып отырып шекесін ою бар. Қан дінімізде нәжіс нәрсеге дейін өтеді. Бұл таза емес, адамды уландырып, өлтіріп алуы мүмкін. Сондықтан қан шығарамын деп, жан шығарып алмаңыздар", - дейді ол.
Ләйлә Сұлтанқызы денсаулық сақтау министрінің пікірін келтірді.
"Қан шығарамын деп, жан шығарып алмаңыздар". Кеше Желіде кішкентай бөпенің маңдайын тіліп, хиджама жасап жатқан видео тарап кетті. Атырауда болған оқиғаға оқырмандар түрлі көзқарас білдіріп, пікір қалдырып жатыр. Бұл жағдайға денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ханым: "Бүгінде хиджама лицензияланған медициналық көмек түріне жатпайды. Сондықтан осы дерек бойынша комитет айналысып жатыр және тергеу жүргізіледі. Болашақта бұл сұрақтарды бақылауға аламыз", - деп пікір білдірді.
Тележүргізуші имам сөзін құптап, бұл ем "баланы қиып емдеу" деп аталатынын айтты.
"Сөзінің (Нұрлан имамның - еск.) жаны бар. Орынды. Батыстық тұрғындардың айтуынша, ол өңірде "қой ауру" деген ауруду осы әдіспен емдейді. Ақпараттық сайттағы түсінікте де бұл ем "баланы қиып емдеу" деп аталады. Өз басым видеоны аяғына дейін көре алмадым, жүрегім шыдамады", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Желіде сәбиге хиджама жасалып жатқан видео қызу талқыға түскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен педиатр Ғалия Батыржанқызы пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек