- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда 19 жастағы...
Таразда 19 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті
Таразда 19 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыздың секіріп кеткені туралы хабарлама түскен.
"Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде. Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады. Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан