Тікелей эфирге шығып, оқырмандарымен сөйлеседі. Желіде белсенді облыс әкімін таптық

Тікелей эфирге шығып, оқырмандарымен сөйлеседі. Желіде белсенді облыс әкімін таптық
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы шенеуніктерді әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырған еді. Сол кезден бері көптеген шенеунік, әкім, басшылар Желіде парақша аша бастады. Облыс әкімдері де әлеуметтік желіде бар. Алайда олар парақша ашқанымен оны өзі жүргізе ме деген сұрақ туындайды. Massaget.kz тілшісі талдап көрді.  

Былтыр 8 маусымда құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ. Тек облыс әкімдігінің ресми парақшалары бар. Instagram мен Facebook желілерінде әкімдіктің күнделікті жұмыс туралы ақпараттар жаңарып тұрады. Әкімдіктің Instagram-да 15 мыңға жуық, ал Facebook-те 1,6 мың оқырмандары бар. 

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен сайттағы байланыс нөмірлер арқылы ғана байланысуға болады.    

2019 жылдың наурызынан бері Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев әлеуметтік желіні белсенді жүргізеді. Әкімнің Instagram-да 46,9 мың оқырманы бар. Өңірге, қызметіне қатысты жаңалықтарды күн сайын салып, жаңартып отырады. Оқырмандары да белсенді пікір жазады. Бірақ оқырмандарынан келген пікірлерге көбіне әкімдік қызметкерлері арнайы парақша арқылы жауап береді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ermek Marzhyqpaev (@ermek_marzhyqpaev)

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаевтың Telegram-арнасы да бар. Ол жерде 600-ге жуық адам ғана жазылған. 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тек Facebook-тегі парақшасын белсенді жүргізеді. Instagram әлеуметтік желісінде Тоғажановтың атында тек бір парақша бар. Алайда ол Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған кезінде ашылған парақша болуы мүмкін. Себебі парақшада "Маңғыстау облысының әкімі" деген сипаттама ғана тұр. 

Ералы Тоғжанов Facebook-тегі парақшасын белсенді жүргізіп отырады. Шенеунік парақшасында тек жұмыс барысына қатысты жаңалықтарды бөліседі. Жеке өмірін салмайды. 

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлеуметтік желіде парақша жүргізбейді. Тек облыс әкімдігінің парақшалары бар. Мысалы Instagram-дағы ресми парақша "тірі" деп айтуға болады. Себебі жазбаларда парақша оқырмандары ойын айтып, пікір жазады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы облысының әкімдігі (@almobl_akimat)

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Instagram-ға қарағанда Facebook-те белсенді. Себебі Instagram-дағы соңғы жазбасы былтыр 12 қазанда жазылған. Ол мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік, электрон темекі, мектепті жалған "бомбалау" сияқты деректер туралы болған. 

Әкім Instagram-да Ақорда мен президенттің парақшасына ғана жазылған.  

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов керісінше Instagram-парақшасын белсенді жүргізеді. Әкім оқырман саны бойынша көш бастап тұр: Ахметовтің 73,8 мың оқырманы бар. Даниал Ахметов парақшасында облыс тұрғындарын түрлі мерекемен құттықтап, жұмыс барысы туралы айтады. 

Ал Facebook-парақшасында соңғы жазба былтыр 30 қарашада шыққан. Бұл әкімнің достығындағы адамдар бөліскен жазба. Ахметовтің өзі Facebook-те былтыр 31 мамырда байланысқа шыққан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әлеуметтік желіде тек жұмыс барысын бөлісетін әкімдердің бірі. Ол 2021 жылдың сәуірінде Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді. Әкім тек Facebook-те отырады. Ал Instagram-дағы парақшасы соңғы рет Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының әкімі қызметінде болған кезінде жаңарған. 

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев әлеуметтік желіде аса белсенді емес. Әкімнің Instagram-да парақшасын таппадық. Ал Facebook-те соңғы рет былтыр 8 маусымда жазба жариялаған. 

Бейбіт Исабаев

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев те Instagram-да жоқ. Өзге әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын басқа облыс әкімдеріндей аса белсенді жүргізбейді. 

Нариман Төреғалиев

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram-да жоқ болғанымен Facebook-те парақшасын белсенді жүргізеді. 

Облыс әкімінің парақшасындағы жазбаларға оқырмандары тарапынан көп сұрақ қойылады. Алайда оларға әкім де, әкімдік қызметкерлері де жауап бермейді. 

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Instagram-да 28,7 мың оқырманы бар. Соңғы жазбасы Президенттің Қостанай облысына сапары туралы болған. Әзірге Құмар Ақсақалов оқырман саны бойынша төртінші орында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumar Aqsaqalov (@qumaraqsaqalov)

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Instagram-да да, Facebook-те де отырады. Бірақ аса белсенді емес. Бірінде 6,4 мыңнан аса оқырманы болса, Facebook-те 5 мыңға жуық досы бар. Екі әлеуметтік желіде де соңғы жазбалары жаңажылдық құттықтауы болған. 

Нәлібаев Instagram-парақшасын Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін ашқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumar Aqsaqalov (@qumaraqsaqalov)

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Instagram-да да, Facebook-те де парақшасы жоқ болып шықты. Тек облыс әкімдігінің ресми парақшалары бар. 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі оқырман саны бойынша үшінші орында. Облыс әкімінің Instagram-да 31,4 мың оқырманы бар. 

Байхановтың өзге облыс әкімдерінен ерекшелігі - оның кей кездері тікелей эфирге шығып, оқырмандарымен сөйлесуін атап өтуге болады. Одан бөлек, облыс әкімі оқырмандарының жазған пікіріне өзі жауап беріп отырады. Арасында қандай да бір мәселе бойынша қоластындағыларды белгілеп, тапсырма беріп отырады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтың Facebook-те 2688 досы бар. Облыс әкімі тек осы әлеуметтік желіде белсенді. Instagram-да парақшасын таппадық. Сапаров парақшасында ресми кездесулер, құттықтаулар туралы ғана жазады. Өзге ақпарат жоқ. 

Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Instagram-парақшасын тек қазақ тілінде жүргізеді. 7000 оқырманы бар. Ол парақшасын 2022 жылдың қыркүйегінде, Түркістан облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін ашқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дархан Сатыбалды (@darkhan_satybaldy_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина