Ерке Есмахан мәhірге не сұрағанын айтты

Ерке Есмахан мәhірге не сұрағанын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан Raim-нан мәhірге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Instagram-да оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырған. Сол кезде бір оқырманы "Мәhірге не сұрадыңыз" деп сауал қойған.

"Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде хотя бы біреуі болсыншы деп, әппәқ тұлпар сұрадым" (стилі мен орфографиясы сақталды), - деп жауап берді әнші.

Мәhір – күйеу жігіттің қалыңдығына беретін белгілі бір мөлшердегі сыйлық. Мәһірге берілген сыйлық қалыңдықтың иелігіне өтіп, жеке мүлкіне айналады.

Еске салайық, Ерке Есмахан мен Raim 20 қаңтарда мұсылманша неке қидырғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz