Балалар үйінен асырап алған сәбилерін қайтадан кері өткізушілер көбейген

2017–2021 жылдар аралығында Қазақстанда балалар үйі мен интернатта тәрбиеленіп жатқан балалар саны үш есе азайған. Оған балалар үйінен қамқорлыққа алынған балалардың мекемеге қайтарылмауы және ата-ана құқығының бұзылу санының азаюы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірақ бала асырап алу және патронат жүйесінде осы жылдар аралығында оң өзгерістер байқалмаған. Қазақстанда жетімдер әлі де бар. Бала асырап алу не қамқорлығына алушылар саны пандемия кезеңінде айтарлықтай азайған. Одан бөлек, насихаттау және отбасылық кеңестердің жұмысына қарамастан елде қайтадан жетім болу (қамқорлығына алып, артынша балалар үйіне қайтару) дерегі 64 пайызға көбейген.  

Дегенмен жетім қалған балалар бойынша статистика кейінгі бес жылда тұрақты түрде азайып келе жатқан. 2017 жылы 27,3 мың жетім болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, 22,7 мың жетім болған. 80 пайыздан астамы немесе 18,6 мыңын асырап алған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!