Министрлік өкілі жалақысы өсетін тағы бір саланы атады

Министрлік өкілі жалақысы өсетін тағы бір саланы атады
Фото: elements.envato.com

Биыл ветеринария мамандарының жалақысы 35-50 пайызға өседі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды qazaqstan.tv. 

Еске салайық, былтыр ветеринария мамандарының жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50 пайызға өсті.

Биылдан бастап заңнама шеңберінде патогендігі I және II топтардағы биологиялық агенттерімен жұмыс істегені үшін 35 пайыз және 50 пайыз мөлшерінде қосымша төлемдер төленеді. Бұл туралы жиында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты. Сонымен қатар, екі лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төленеді. Басқосуда ветеринария жүйесін цифр форматына көшіру бойынша жұмыс жүріп жатқаны да айтылды. Бұл ветеринария қызметкерлерін қағазбастылықтан босатуға, ақпарат беру процесін автоматтандыруға және жануарларды есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңалық - биыл бірінші жартыжылдықта елде ірі қара мен ұсақ малдардың барлығы 23 ауру түрі бойынша толық вакцинациялаудан өтеді. Бұл елдің ет иморты әлеуетін арттыру үшін қолға алынып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек