Тараздағы "Ақсай" базарында екі қабатты ғимарат өртенді

Тараздағы "Ақсай" базарында екі қабатты ғимарат өртенді
Фото: Видеодан алынған кадр

Тараздағы "Ақсай" базарында екі қабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Әл-Фараби көшесінің бойындағы "Ақсай" базарында болған. Екі қабатты ғимараттың шатыры мен екінші қабатын шарпыған.

"Өрттің алдын ала аумағы - 1050 шаршы метр. Қазір оқиға орнында 38 қызметкер мен 10 техника жұмыс істеп жатыр", - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз LIFE (@taraz_life)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек