Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы ұзарды

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы ұзарды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы наурыздан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

"2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деді елорда сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда экс-шенеунікті қамауға алу мерзімі бір айға ұзарған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек