Қазақстандық журналистің пәтер есігіне белгісіз біреулер монтаж көбігін жағып кеткен

Қазақстандық журналистің пәтер есігіне белгісіз біреулер монтаж көбігін жағып кеткен

Қазақстандық журналист Вадим Борейко үйіне әлдекімдер шабуыл жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшаларында айтты. Журналистің сөзінше, бұзақылар Вадим Борейконың пәтерінің есігін көбік желіммен жауып тастаған. Борейко бұзақылар өрт қойғысы келген болуы мүмкін екенін де айтады. 

"Бірден жедел топты шақырып, қабырға мен есіктегі саусақ іздерін алдырып, ДНҚ сараптамасын жасаттым", - дейді журналист. 

Вадим Борейконың айтуынша, жедел топты Бостандық ауданының полиция басшысы, подполковник Нұрлан Нұрқасымов басқарған. Журналистен жауап алынған. 

Вадим Борейко бұл істі журналистік қызметіне қарсы шыққандар ұйымдастырғандар болуы мүмкін екенін айтады. Себебі бұзақылар кіреберіс есікке Борейконың YouTube-арнасының атауын жазып кеткен.  

Полицейлер бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. Polisia.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қаскөйлерді анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданады", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина