- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда енді қанша...
Қазақстанда енді қанша саяси партия бар?
Әділет министрлігі Қазақстанда қанша саяси партия тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли 2023 жылғы 18 қаңтарда "Respublica партиясы" қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізгенін мәлімдеді.
"Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сонымен бірге "Саяси партиялар туралы" заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды", - деді ол.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша жеті саяси партия тіркелген:
1. Amanat партиясы;
2. "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
6. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
7. "Respublica партиясы" қоғамдық бірлестігі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан