- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұрыннан білдік". Мәдина...
"Бұрыннан білдік". Мәдина Сәдуақасова Ерке Есмахан мен Raim-ға қолдау білдірді
Мәдина Сәдуақасова арақатынасы туралы жариялаған Ерке Есмахан мен Raim-ға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәдинаның сөзінше, ол Райымбек пен Еркенің қарым-қатынасы туралы бұрыннан білген.
"Соңғы жаңалықтар тіпті жүректі жылытып жатыр. Еркешканың Райм екеуінің ғашықтық сезімдерін бүкіл Қазақстанға айтып жатыр, жасырмай. Біз бұрыннан білдік, бірақ біреуге айтуға хақымыз болған жоқ. Достар, сіздер екі жасты қатты сөкпеңіздерші. Махаббат жасқа қарамайды. Оны мен дәлелдеп айта аламын. Тек бақыт тілейік", - дейді әнші.
@kaz.stars "Бұрыннан білдік": Мадина Сәдуақасова Ерке мен Раимға бақыт тіледі
♬ оригинальный звук - Қазақстан жұлдыздары
Еске салайық, кеше әнші, рэп орындаушы Raim мен эстрада әншісі Ерке Есмахан арақатынасы туралы ашық айтқан болатын. Бастапқыда Райымбек Бақтыгереев екеуінің арақатынасы туралы қауесеттерге нүкте қойып, Еркемен түскен суретін жариялады. Артынша Ерке Есмахан да сүйіктісін қолдап, халыққа үн қатқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина