Қазақстандық дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алды

Қазақстандық дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алды
Фото: tengrinews

Еліміздің дәрігерлері қыздың басынан алып эхинококк алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.

Диаметрі 5,5 сантиметр эхинококты киста. Материалды «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігі ұсынды

"Науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік шағымдарымен түсті. Жүре алмай қалған. Қосымша тексеруден өтіп, басын МРТ-ға түсіргенде эхинококкоз диагнозы анықталды. Бас сүйегіне ота жасалды", - деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері.

Материалды «KAZNEURO» қоғамдық бірлестігі ұсынды

Краниотомия және ісіктерді алып тастау отасы екі сағатқа созылды. Алып паразитті алу отасын жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері Алтай Құлтуманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жасады.

Мидың эхинококты кистасы (ми эхинококкозы) – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразитті ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады.

Уақытылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.

@massaget.kz #рек #эхинокок #семей #құрт ♬ original sound - Massaget.kz
Т. Раушанұлы