Алматыда күн қашан жылынады?

Алматыда күн қашан жылынады?

"Қазгидромет" филиалының жетекші синоптигі Алматыда ауа райы қашан жылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

"Қазгидромет "филиалының Алматы және Алматы облысы бойынша жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, жақын арада ауа райы жылына бастайды. Ол аптаның соңына дейін жалғасады.

"Бізге солтүстік-батыстан келген антициклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай Моңғолияға қарай шегінеді. Келесі күндері жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады. Температура аптаның аяғында: сенбі, жексенбіде де көтеріледі, түнде -12-17 градусқа дейін және күндіз -3-8 градусқа дейін жетеді", - деді Дәулет Кисебаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина