Дәрігер аязда кімдерге суға түсуге болмайтынын айтты

Дәрігер аязда кімдерге суға түсуге болмайтынын айтты
Фото: "Мой ГОРОД": Оксана Каткова

Дәрігерлер ЖРВИ, жөтел, дене қызуы жоғары адамдарға және жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония, цереброваскулярлық бұзылулар, эпилепсиясы бар адамдарға крещендік шомылудан бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, дәрігерлердің сөзінше, крещендік суға түсерде ішімдік ішпеу керек. 

"Артериялық гипертензияның 3 сатысы, жүректің ишемиялық ауруы бар адамдарға шомылуға қатаң тыйым салынады, себебі дененің суық суға қалай әсер ететінін ешкім білмейді. Сондай-ақ, бронх демікпесінің өршуі, жүректің созылмалы аурулары, жиі ісіну, ентігу бар адамдарға болмайды. Жас балаларға, жүкті әйелдерге, емізетін аналарға шомылуға болмайды, сонымен қатар, операциядан кейін, онкологиялық науқастар, химиотерапиядан өтетіндерге шомылуға болмайды", - дейді №1 емхананың №2 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Жанған Карисова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина