- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жоғары қабаттан...
Ақтауда жоғары қабаттан тасталған диван ер адамның басына түскен: ол сал болып қалды
Ақтауда жоғары қабаттан тасталған жиһаз өтіп бара жатқан адамның басына түскен. Ер адамның мойын омыртқасы сынған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлайды inaktau.kz.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де 11-шағынаудандағы 41-үйде болған. Диван 6-қабаттағы пәтерден тасталған. Осылайша, ол 39 жастағы ер адамның басына түскен. Зардап шеккен адам ес-түссіз жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөліміне жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Онда көпбалалы отбасы, 11 бала тұрады дейді. Оқиға кезінде 12-13 жас аралығындағы жасөспірім көрінген. Олардың айтуынша, ата-анасы үйде болмаған. Диванды тастаған сәтті көрген куәгерлерді іздейміз. Мына телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 702 811 03 82", - деді жәбірленушінің ағасы Аман.
Қазір жәбірленуші ауруханада. Туыстарының сөзінше, оның мойын омыртқасы сынған, қол-аяғы жұмыс істемейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова