Алматыда 30 жастағы ер адам зорланды: күдіктілер ұсталды

Алматыда 30 жастағы ер адам зорланды: күдіктілер ұсталды
Фото: elements.envato.com

30 жастағы ер адам полицияға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып шағымданған. Күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға бір күн бұрын болған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар - 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам үш кісі жабылып зорлағанын мәлімдегені хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова