"Интернет арқылы тапсырыс алған". Алматылық журналистің көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен

"Интернет арқылы тапсырыс алған". Алматылық журналистің көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен
Фото: polisia.kz

Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен. Полиция бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл дерек Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін айтты. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық ПД тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы полиция Департаментінің бақылауында.

Соңғы мәліметтер бойынша, операциялық бөлімше қызметкерлері 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмағандарды бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Күдіктілердің сөзінше, олар белгісіз адамнан интернет арқылы тапсырыс алған. 

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын сайлау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу әлі де жүріп жатыр.

Сонымен қатар, тапсырыс берушінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина