Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында боран ұйытқиды.

Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Жамбыл және Түркістан өңірлерінде тұман түседі. Таулы аймақтарда ауа температурасы -34-ке дейін жетеді. Ал елордада сынап бағанасы -14-ке дейін көтерілуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина