Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы, республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы, қар және бұрқасын болжанады.

"Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 9-19 градустан 5-17 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Түнде солтүстік-батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 градус аяз, орталықта 17-28 градус аяз, шығыста 18-32 градус аяз болады. Ал түнде оңтүстікте 15-25 градус аяздан 13-21 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 20-38 градус аяздан 15-26 градус аязға дейін жоғарылауы мүмкін, - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова