Қазақстанда "кракен" анықталған жоқ - министрлік

Қазақстанда "кракен" анықталған жоқ - министрлік
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирустың "кракен" атты жаңа нұсқасы тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есмағамбетованың айтуынша, республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен 200-ге жуық коронавирус дерегі және ПТР сынамасы теріс нәтижесі көрсеткен 10 жағдай тіркеледі.

"Эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес республика "жасыл" аймақта орналасқан. Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда, ауру 4 пайызға төмендеді (1135 жағдайдан 1089 жағдайға дейін). Республикада 100 пайыз омикрон нұсқасы анықталды. Қазақстанда ХВВ "омикрон" ("кракен") нұсқасы анықталған жоқ", - деді Айжан Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің сөзінше, әлемде көп тарағаны - омикрон нұсқасы және ол зерттелген үлгілердің 99,9 пайызы болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде "кракен" нұсқасы анықталған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова