Павлодар облысында тұрғындар сирек құбылыстың куәсі болды

Павлодар облысында тұрғындар сирек құбылыстың куәсі болды
Фото: Instagram/tipavlo.dar

Павлодар облысының тұрғындары аспанда ерекше сәуле байқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фотолар Instagram-да tipavlo.dar парақшасында пайда болды. Жазба авторы мұндай табиғи құбылыс 11 қаңтарда кешке Ақтоғай ауылында байқалғанын жазған. Пікір жазғандар облыстың басқа елді мекендерінде аяз бағаналары пайда болғанын айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Жарық (аяз) тіректер температураның 10-20 градусқа күрт төмендеуінен немесе ылғалдың атмосфераға кенеттен түсуінен ауадағы мұздың кристалдануынан туындауы мүмкін екен. Ұқсас құбылыстарды солтүстік ендіктерде қыста да байқауға болады.

Айта кетейік, қазір Павлодар облысында 25 градус аяз. 12 қаңтарда облыстың басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 23-28, күндіз 20-25 аяз. Павлодарда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 20-22 аяз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек