- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірінші рет естіп...
"Бірінші рет естіп отырмын". Сара Тоқтамысова қызына ерекше есім қойды
Жақында танымал айтыскер Сара Тоқтамысова қызды болды. Ол қызына ерекше есім қойған. Бұл туралы ақын Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақынның сөзінше, баланың есімін жұбайы таңдап қойған. Ал бұған дейін ол Желідегі оқырмандарынан әдемі есімдер жазуын сұраған.
"Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр. Сөзі сүйкімді болсын, ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық. Аллам өміріңді сүйкімді қылсын. Ғұмырлы бол, құлыным", - деп жазған ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары сәбидің есімі ерекше екенін жарыса жазған.
"Әдемі есім сүйкімді деген", "Жақсы ат қойыпсыз", "Керемет", "Ерекше есім екен", "Аты Сүйкімді ме? Бірінші рет естіп отырмын", "Есімі қандай әдемі болса өмірі сондай болсын", - дейді пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова