- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хиджаб киген Айдана...
Хиджаб киген Айдана Меденова өнерден кету туралы сұраққа жауап берді
Фото:
Instagram
Танымал әнші Айдана Меденова жақында ғана Instagram-парақшасында орамалға келгенін айтқан еді. Алайда ол өнерден қол үзбейтінін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жұбайы қолдау көрсеткен әрі өнеріне қатысты да біраз өзгеріс күтіп тұр.
"Мен өнерді тастап кете алмаймын. Жарнама келісімшарттарының кейбірін үздім. Бірақ өнер деген бала кезден бергі дағды, хоббиім, жолым. Бұл мәселеде шешім тек өзімде. Күйеуім де "өзің шеш, мен сені қалай болсаң, солай қабылдаймын" деп қолдау көрсетеді. Әлбетте, сахнадағы образдарым өзгереді. Әнімде де өзгеріс болады. Оны уақыт өте келе көре жатарсыздар", - деп жазды ол парақшасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова