- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин Украинадағы атысты...
Путин Украинадағы атысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады
Фото:
souzveche.ru
Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне 6 қаңтарда Мәскеу уақытымен сағат 12:00-ден 7 қаңтар 24:00-ге дейін Украина аумағындағы барлық байланыс желісі бойынша атысты тоқтату режимін енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі ura.news-ке сілтеме жасап.
Бұл уақытта православиелік Рождество мерекесі болады.
Ресей патриархы Кирилл «Православиелік адамдар Рождество күні рождестволық сочельникке бара алуы үшін» «мемлекетаралық қақтығысқа қатысқандар» атысты тоқтатуы керек деді.
Еске салайық, Украинадағы соғыс 24 ақпанда басталған. Орыс әскерлері таңертең ертемен Украинаға басып кірді.
А. Жапатова