Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатты

Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатты
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда McDonald's мейрамханалары басқа атаумен жұмыс істейді. Бұл туралы ақпарат компанияның ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады. Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұраққа жауап береміз. Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от McDonald's® Kazakhstan (@mcdonalds.kaz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова